Жарияланды: 390

Ғарыштық қызметті дамытуға 2009 жылғы бюджетте 11 млрд теңге қарастырылған

Астана. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ғарыштық қызметті дамытуға 2009 жылғы республикалық бюджетте 11 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы бүгін "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасының Қазақстан парламентінің мәжілісіндегі тұсаукесері барысында еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ғарыштық қызметті дамытуға - мақсатты ғарыштық жүйелерді құруға, ең озық технологияларды жасап пайдалануға 2009 жылы жұмсалатын қаражат 11 млрд теңге көлемінде жоспарланды, ол 2008 жылғы жоспардан 3,4 млрд теңгеге артық", - деді Б. Сұлтанов. 2010 жылы бұл салаға 26 млрд теңге, 2011 жылы - 25,3 млрд теңге қарастырылған. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін