Ғұмырым ұзақ болсын десеңіз... - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғұмырым ұзақ болсын десеңіз...

Ғұмырым ұзақ болсын десеңіз...

Өлген дәрігерлер алдамайды

  • 11 Наурыз 2014
  • 3679
Фото - Caravan.kz

Жер бетіндегі ұзақ жасаушылар потенциалы 120 мен 140 жастың аралығында. Қазіргі таңда ұзақ жасымен мақтана алатын 5 ұлыс бар. Олардың ішінде тибеттіктер, Нигерияның ұзақ жасаушылары, Кубаның темекі тартса да көп жасаған қариялары бар. Неге ұзақ жасайды? Нигериядағы Бауэ тайпасының көсемі 126 жасында қайтыс болған екен. Сонда оның әйелі отыз екі тісі сау күйінде өлді деп мақтаныпты. Тіс саулығы адамның басқа да мүшелерінің сау болатындығын паш етеді. Сириядағы бір ер адам 133 жасында қайтыс болған. Оны Гиннестің рекордтар кітабына енгізген. Сексенге келіп төртінші рет үйленген. Ол сексенге келген соң тоғыз баланың әкесі атанған. Сондықтан кей адамдар үшін өмір толассыз. Олар қартаймайды. Өйткені, ауасы таза биік таулы жерлерді мекендейді. Жауын-шашын аз, егінді қар суымен суарады. Ал, қар суында минералдардың көпшілігінің жиынтығы кездеседі. Сондықтан мұндай жердегі егін бітік шығады. Оны жеген адам баласы да сау болады.

Енді ғылымға оралсақ…

1993 жылы Аризонада қызық тәжірибе жасалады. Үш жұпты үш жыл бойы оқшаулап өмір сүруге мәжбүрлейді. Олар тек табиғи таза тағамдарды, өздері өсірген жемістерді жеп, таза ауамен тыныстап, ластанбаған суды ішкен. Үш жылдан соң оларды зерттеген Калифорния университетінің геронтолог ғалымдары таң қалған. Дәл осы өмір сүру дағдысын жалғастыра берсе, бұл адамдар әлі де 165 жыл өмір сүре алады деген тұжырымдама жасаған.

Бүгінгі таңда америкалықтардың орташа өмір сүру жасы 75,5, ал олардың арасында дәрігерлерді бөліп қарастырар болсақ, олардың шегі 58 жас екен.

Адамға қалай дұрыс тамақтанып, өмір салтын пайдалы ұйымдастыру керек деп үйрететін дәрігерлердің өздері қарапайым азаматтардан бұрын өліп кететіні көңілге қаяу салары сөзсіз.

Дегенмен, егер сіз 100 немесе 140 жасқа дейін өмір сүргіңіз келсе, мына қағидаларды есте сақтаңыз:

Біріншіден, төтенше жағдайлардан сақ болыңыз. Ажал айтып келмейді. Өз өміріңізді сақтауға, қорғауға тек сіздің сабырыңыз бен ақылыңыз ғана керек. Ішімдік ішіп, темекі тартып, жолды белгі жоқ жерден басып өтіп, жүз жасаймын десеңіз қателесесіз. Сақтанып жүріңіз.

 

2. Екіншіден, өзіңізге пайдасы бар дүниені ғана жасаңыз. Ол үшін сізге тағамға қосатын 90 түрлі қоспа қажет: 60 минерал, 16 дәрумен, 12 негізгі аминқышқылдары мен нәруыздар, 3 негізгі май қышқылдары.  Күнделікті емдәмге де осы тоқсан түрлі қоспа аса маңызды. Олар жетіспесе, ағзаны ауру меңдей бастайды.

Өлім себептері

1. Асқазан жарасы

О баста асқазан жарасы күйзелістен болады деген дәрігерлер. Ал, ветеринарлар осыдан жетпіс жыл бұрын шошқаның асқазан жарасын висмут деген минералмен емдеген. Қымбат отаның да, емнің де қажеті жоқ. Висмутқа бөлінген ақша әр шошқаға бес доллар болды. Ал, Ұлттық институттар тек 1994 жылы ғана асқазан жарасын бактериялар қоздырады деген мәлімдеме жасаған. Оны жазуға болатыны да шамамен сол кезде анықталған. 

2. Обыр

Ең кең таралған дерт. Оны емдәммен жазуға болады деп алғаш 1993 жылы айтылды. Арнаулы тәжірибе Қытайдың Хинай аймағандағы халыққа жасалды. Бұл аймақ обыр ауруына шалдыққандар бойынша әлемде бірінші орынды алатын. Бес жыл бойы аймақ тұрғындарына минералдар мен дәрумендер әдеттен екі есе артық берілді. 60 мг С дәруменінің орнына 120 мг таратылды. Алан Пол, екі мәрте Нобель сыйлығының лауреаты атанған адам. Егер обырды С дәруменінің көмегімен жеңгіңіз келсе, онда күнделікті 2000 мг жеңіз деген. Оған қарсы уәж айтқан дәрігерлер бақилық болып кетті, ал Алан Пол әлі де тірі. 

3. Е дәрумені, бета-каротин, селен минералының қоспасы аса пайдалы. Осы компонеттерді екі есе көп тұтыну керек. Осылай істеген адамдар арасында өлім 9% төмендеген. Хинай тұрғындары арасында асқазан мен өңеш обырына шалдыққандардың 21% осы тәсілмен аман қалған. 

4. Ал, ең оңай жолы дәріханаға барып, ноксиджелон деген дәріні сатып алу. Әйелдер жағы мұны жақсы біледі. Тырнақ пен шашты емдеуге арналған дәрмек. Негізгі құрамдас бөлшегі – сиыр шеміршегі. Ол адамның шеміршегі мен сүйектерін мықты етеді. Күнделікті осы дәрмекті жарты шай қасықпен қабылдап жүрсеңіз, онда артрит деген ауруды ұмытасыз. 


5. Альцгеймер ауруы туралы білеміз ғой? Ол туралы қазір бәрі біледі. Бұрын сирек ауру неге көбейіп кетті? Е дәрумені арқылы емделеді. Заманауи медицина ветеринариядан елу жылға қалып келеді.

6. Бүйрекке тас байлану. Негізінде бүйректегі тас әр адамның өз сүйегінен жиналады. Кальций жетіспеген адамның бүйрегіне тас жиналады. Осыдан мың жыл бұрынғы адамдар малдың бүйрегіне тас байланса, оған бор, кальций, магнезия беру керектігін білген. Сізге кофе зиян, сары май жеме, тұзды азайт деген дәрігер 58 жыл өмір сүреді де, соның бәрін жеп өмір сүрген қарапайым ел 75,5 жыл өмір сүреді. Ал, жүз жасағыштар шайына тұз салып ішіп, тамақты зәйтүннің емес, сары майға қуырып жеп те жүз жасап жатыр. 

7. Аневризма. Ағзадағы мыстың жетіспеушілігінен болатын ауру. Шаш уақытынан бұрын ағарса, мыстың жетіспеушілігі. Терінің де ерте қартаюы содан. Варикоздың пайда болуы да мыс жетіспеушіліктен. Ең арзан әрі тиімді тәсіл коллоидты минералдарды тұтыну.

8. Стюард Буркeр деген адам бес кітап жазды. Емдәм, дұрыс тамақтану туралы. Ал, өзі қырық жасында қайтыс болған. Осындай адамның айтқанын тыңдап, жаса дегенін жасар  ма едіңіз? Ол қырық жасында кардиоанемия деген дерттен көз жұмды. Оның себебі селеннің жетіспеушілігі. Кей фермерлер малына селенді жеткілікті беру үшін дүкеннен сатып алады. Ал, дұрыс тамақтанам деп селеннен қағылған диетолог өлді де қалды.

Жүкті  әйелдерге минералдар мен дәрумендер жетіспей жатады. Құрсақтағы ұрыққа да минералдар керек. Ананы, мынаны жегім келіп тұр деп күйеуін түн жарымында тұрғызып алатыны да содан. Қажеттілік.

Аздаған ақыл айтсақ,  қолыңыз бен бетіңізге қараңыз. Қолдарыңыз қызарып тұрса, бұл селеннің жетіспеушілігін көрсетеді. Алты ай бойы коллоидты селен қабылдаңыз. Жарты жылдың ішінде селен дефицитін жоя аласыз. Егер қолдағы қызарған кетсе, онда ол мидағы, жүректегі, бауырдағы, бүйректегі селен жетіспеушілігін де жойды дегенді көрсетеді.  

9. Қандағы қанттың мөлшері аз болса, не болады? Егер бала өте белсенді болса, қанты бар тәттілерді жақсы көрсе, оған хром мен ванадий жетіспейді екен. Егер тәтті құмар болсаңыз, онда сізге хром мен ванадий жетіспегендіктен. Бұған мән бермесеңіз, сусамыр дертіне шалдығасыз.  

10. Қорғасын жетіспесе, не болады? Ерлердің шашы ерте түсіп, таз болуы белең алды. Бұл жетіспеушілікті толықтырып отырмаса, құлақ керең болып қалады.

11. Бор жетіспеушілігі. Әйелдер борды жақсы танып, білуі, оны құрметтеуі қажет. Бор  желінген кальцийдің тез сіңірілуіне себепші, остеопороз деген дерттен сақтандырады. Бор эстроген гормонының түзілуіне септеседі. Ерлерге тестостерон бөлуге көмектеседі. Бор жеткіліксіз болса, етеккір келгенде әйелдер қатты ауырады. Ал, ерлерге тестостерон дефициті тіптен ауыр болмақ. Импотенция ерте дамиды.   

12. Мырыш жетіспеушілігі. Дәм сезу, иіс сезу мырышқа тәуелді. Ол жетіспесе, не ішкеніңізге де мән бермейтін болып кетесіз. 

Минералдар

Өсімдік атаулы жооғарыда атап өткен минералдар мен дәрумендерге бай келеді деген пікір бар. Күндігіне тоқсан элементті тоғыстыру үшін бірнеше өсімдікті қатар тағамға қосу керек. Теориялық тұрғыда бұл мүмкін. Бірақ адамдар элементтерді санамалап отырмайды. Денсаулық керек болса, дәрумендерді, минералдарды, аминқышқылдарды, май қышқылдарын толыққанды тұтынып дағдылану қажет. Сонда ғана өмір жасын жүзден асыруға мүмкіндік туады.  

Қазіргі таңда минералдар өсімдіктерденде табылмайды. Өйткені, жер құнарынан айырылған. Коллоидты минералдарды қолданбаған әр күніңіз өмір жасыңызды қысқартады.

Джоуэл Уоллок

Аударған: Шынар Әбілдаева