Мухтар Гусенгаджиев Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемдегі ең иілгіш адам ғана емес, сонымен бірге халықаралық эстрадалық-цирктік және спорттық фестивальдердің жеңімпазы және көптеген атақтардың иесі. Пластика бойынша жаттықтырушы ретінде даңқы әлемге жайылды. Мадонна, Памела Андерсон, Деми Мур сынды белгілі адамдарға жеке сабақ берген. Ол «Цирк дю Солейдің» атақты әртісі ретінде де белгілі. Мухтар 40-тан астам рөлді ойнаған.