Time журналының мәліметінше, тойға 70-ке жуық қонақ келген. Оның ішінде Энистонның «Достар» телехикаясына түскен әріптестері де бар.
Екі актердің арасындағы махаббат 2011 жылы басталған. Бір жыл өткен соң туған күнін атап өткен Теру Энистонға үйлену туралы ұсыныс жасап, ол келісімін берген.