Голливуд жұлдызы Джонни Депп грек аралын сатып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Голливуд жұлдызы Джонни Депп грек аралын сатып алды

Голливуд жұлдызы Джонни Депп грек аралын сатып алды

Белгілі актёр Джонни Депп €4,2 млн шағын грек аралын сатып алды.

  • 17 Шiлде 2015
  • 291
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Афина жаңалықтар агенттігіне лондондық Proto Organization Ltd жылжымайтын мүлік компаниясының БАҚ-пен байланыс бойынша өкілі  Стивен Тейлор хабарлады.

 «Грекияға жұлдыздардың көбі қызығады. Олар мұнда жер телімін немесе шағын аралдарды сатып алғысы келеді. Шілденің соңында  Stroggino аралына Джонни Депп келеді. Ол аралды осыдан екі күн бұрын сатып алған», — деді ол.

Көлемі 0,2 шаршы км болатын аралда қазір ешкім тұрмайды. Ал Депп Австралияда «Кариб теңізінің қарақшылары» фильмінің түсіріліміне қатысып жатыр.  


Еске сала кетейік, жуырда грек үкіметі дағдарыстан шығу үшін Жерорта теңізіндегі ондаған ешкім мекендемейтін аралды саудаға шығарған болатын.