Гонконг пен Тайваньда Nestle компаниясының сүт өнімдері саудадан алынуда
Алматы. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Гонконг пен Тайваньда Швейцарияның Nestle компаниясының Қытайда өндірілген сүт өнімдері саудадан алынуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі шетелдік БАҚ-тарға сілтеме жасап. |
Гонконг БАҚ-тарының хабарлауынша, Nestle сүт өнімдерінен қатерлі меламин заты табылған. "Гонконгте Nestle компаниясының Қытайдағы бөлімшелерінде өндірілген шикі сүтінен де, құрғақ сүтінен де меламин табылды", - деп хабарлайды Dairy news.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін