Гонконгте "Қазақстан темір жолы" ҰК ЖАҚ-ның Трансқазақстандық теміржол магистралін тарту жөніндегі жобасының тұсаукесері өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гонконгте "Қазақстан темір жолы" ҰК ЖАҚ-ның Трансқазақстандық теміржол магистралін тарту жөніндегі жобасының тұсаукесері өтті

Гонконгте "Қазақстан темір жолы" ҰК ЖАҚ-ның Трансқазақстандық теміржол магистралін тарту жөніндегі жобасының тұсаукесері өтті

Гонконгтегі Қазақстан бас консулдық қызметінің қатысуымен Қазақстан темір жолының транзиттік мүмкіндіктері туралы конференция ұйымдастырылып, "Қазақстан темір жолы" ҰК ЖАҚ-ның Трансқазақстандық теміржол магистралін тарту жөніндегі жобасының тұсаукесері өтті. Жол торабы Қытай мен Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерін Европаның негізгі тауар базарларымен жалғастырады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Наурыз 2004
  • 591
Фото - Caravan.kz

Шараға жергілікті үкімет, банк құрылымдары, ірі көлік, құрылыс, өнеркәсіптік және инвестициялық компаниялар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Бас қосу Еуропалық стандартқа сәйкес жүкті жеткізу мерзімі мен бағасын азайтуға және тасымал жұмыстарының толассыздығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін теміржол магистралін тарту жөніндегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын жүзеге асыруға Гонконг инвесторларының капиталы мен технологияларын тартуды көздейді.
Қазақстандық өкілдердің жетекшісі, «Қазақстан теміржолы» ҰК ЖАҚ-ның бірінші вице-президенті Қ.Жанғасқин мен магистральдық теміржол желісі дирекциясының басқарушысы Е.Қизатов конференцияға қатысушыларға компанияның алдағы перспективасы, Қазақстандағы теміржол саласы мен ел экономикасының жалпы дамуы туралы әңгімелеп берді.
Жобаға жергілікті инвесторлар үлкен қызығушылық танытып, бұл туралы Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды.