Жарияланды: 600

Гранттардың 78 пайызы қазақ тiлдi түлектерге арналады - А.Сәрiнжiпов

Гранттардың 78 пайызы қазақ тiлдi түлектерге арналады - А.Сәрiнжiпов

Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрiнжiповтың төрағалық етуімен Білім гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтуде.

Комиссияның құрамына аталмыш ведомство мен денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері, жоғары оқу орындарының ректорлары, білім беру қызметкерлерінің кәсіподақтары кіреді. 

Айта кетейік, білім гранттары Ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша ЖОО-ларға оқуға түсіп жатқан абитуриенттерге тағайындалады. 

«Мемлекеттiк гранттарды тағайындау бойынша комиссияның отырысын өткiзетiн боламыз. Мемлекет тарапынан бiз 32 мың грант бөлемiз. Оның iшiнде техникалық мамандарға арналған 12,5 мың грант, педагогикалық мамандықтарға - 6 мың грант, ауыл шаруашылық мамандықтарына 2,5 мың грант қарастырылады. Өздерiңiз бiлетiндей, биыл Ұлттық бiрыңғай тестiлеу жоғары деңгейде өткiзiлдi. Нәтижелерi былтырғы жылғымен салыстырғанда жоғары. Сондықтан биыл конкурсқа қатысатындардың саны 67 мыңға жеттi. Олардың iшiнде 78 пайызы қазақ тiлiнде бiтiрген балалар, 22 пайызы - орыс тiлiнде бітіргендер. Сол себептi 32 мың гранттың iшiнде 78 пайыз қазақ бөлiмдерiне арналған. 22 пайыз орыс тiлi бөлiмдерiне деп қарастырылып отыр», - деп атап өттi министр тiлшiлерге берген сұхбатында. 
Гранттарды үлестіру барысында «Алтын белгі» иегерлеріне, халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми сайыстардың, байқаулардың және спорттық жарыстардың жеңімпаздарына басымдық беріледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін