Азаматтық авиация қызметкерлерінің федерациясы (OSYPA) мемлекеттік сектордағы ADEDY кәсіби одақтарының «әлеуметтік қамту жүйесін жоюға қатысты» наразылығына қосылды.
Азаматтық авиация қызметкерлері тағы бір талап қойды — Грекиялық мемлекеттік әуежайларды жаппай сатуға жол жоқ, делінген федерация мәлімдемесінде. Грекия билігі 14 әуежайды сатып жатыр. Оларды неміс компаниялары сатып алмақ.
Авиадиспетчерлердің және азаматтық авиация қызметкерлерінің наразылық шарасы 7 сәуірде сағат 00:01-де басталып, түнге дейін жалғасады.