Грекия банктері шектеулерді алып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грекия банктері шектеулерді алып тастады

Грекия банктері шектеулерді алып тастады

Грекия банктеріне бірқатар шектеулер енгізіліп, бүгіннен бастап жұмыстарына қайта кірісті. Еуропалық кредиторлармен жасалған жаңа келісімнен соң билік ел ішіндегі қаржы аударымына рұқсат еткен. Бірақ шетелге қаражат аудару әлі күнге дейін мүмкін емес.

  • 21 Шiлде 2015
  • 215
Фото - Caravan.kz

Келісім бойынша, шектеулермен қатар Грекия аумағында жаңа салықтар енгізілген. Олар ел ішіндегі қызмет пен тауардың бағасын шарықтатып жіберуі мүмкін. Сондықтан банкоматтардың бір тәулік ішінде 60 евродан артық ақша алуға мүмкіндік жоқ. Қаржылық тығырыққа тірелген гректерге өткен аптада Еуропалық кредиторлар 7 млрд евроны құрайтын «бридж-несие» берген болатын. Ол мерзімі өтіп кеткен ескі қарыздарды қайтаруға жұмсалмақ. Германия канцлері Ангела Меркель өз кезегінде осыған дейін берілген несие кешірілмейді, тек оның қайтару мерзімі ұзартылуы мүмкін екенін кесіп айтты.