Грекия банктері жұмысын тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грекия банктері жұмысын тоқтатты

Грекия банктері жұмысын тоқтатты

Бүгін таңертеңнен бастап Грекияның барлық банктері бір аптаға  өз жұмысын тоқтатты. Сонымен қатар бір тәулік ішінде банкоматтардың қызметі уақытша доғарылған. Ертең іске қосылғанның өзінде 60 евродан артық ақша алуға болмайды. Сондай-ақ, шетелге қаржы аударымын жасау да мүмкін емес.

  • 30 Маусым 2015
  • 206
Фото - Caravan.kz

Бірақ бұл шектеулер ел аумағындағы туристерге еш кедергі келтірмейді. Себебі олардың төлем карталары өзге мемлекетте шығарылған. Ал аталмыш шара қарызды қайтаруға қатысты келіссөздердің сәтсіз аяқталуына байланысты қолға алынып отыр. Грекия премьер-министрі жұртты сабырға шақырып, бұны уайымдаудың қажеті жоқ екенін айтуда. Алексис Ципрас тығырықтан шығар жолды бірге іздейік деп, осы тұрғыда 5 шілде күні референдум өткізуді жоспарлап отыр. Онда халық қаржылық көмек көрсетілуі үшін мемлекеттік шығындарды азайтуға келісімін беруі тиіс. Олай болмаған жағдайда Грекия евроаймақтан тыс қалуы мүмкін.