Грекияда ереуілдің соңы атысқа ұласты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грекияда ереуілдің соңы атысқа ұласты

Грекияда ереуілдің соңы атысқа ұласты

Грекия астанасында тұрғындар мен полиция арасында тағы бір қақтығыс болды. Бұл жолы да ереуілшілер ел үкіметінің Еуроодақпен жасаған несиелік келісіміне қарсы шығып отыр.

  • 28 Ақпан 2015
  • 213
Фото - Caravan.kz

Бейсенбіден жұмаға қараған түні болған шеруге 400-дей адам қатысқан. Наразы топты басу үшін оқиға орнына полиция тартылды. Алайда іс насырға шауып, ереуілшілер жарылғыш шөлмектер лақтырып, бірнеше дүкен мен көлікті, сондай-ақ, көшеде тұрған қоқыс жәшіктеріне дейін өртеп жіберген. Жалпы, бұл наразылық шеруіне үкіметтің Еуроодақпен несиелік бағдарламасын ұзарта түсуі себеп болып отыр. Бұл — жаңа жылдан бастап билікке келген солшыл партиялар коалициясына қарсы өткен алғашқы шара.