Грузин-абхаз ахуалына қатысты консультациялар екі жақты деңгейде дамуға тиіс - Тоқаев - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грузин-абхаз ахуалына қатысты консультациялар екі жақты деңгейде дамуға тиіс - Тоқаев

Грузин-абхаз ахуалына қатысты консультациялар екі жақты деңгейде дамуға тиіс - Тоқаев

Астана. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Грузин-абхаз ахуалына қатысты консультациялар екі жақты деңгейде дамуға тиіс. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы төрағасының орынбасары - Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Шiлде 2008
  • 531
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының Грузиядағы қауіпсіздік ахуалына қатысты алаңдаушылық білдірген резолюциясы үшін дауыс берген кезде қалыс қалды. Осынау аса күрделі мәселеде бұл болуға құқығы бар ұстаным», — деді Қ. Тоқаев.

«Бұл проблемаға қатысты консультациялар екі жақты деңгейде дамуға тиіс деп санаймыз», — деді Қ. Тоқаев.

Осы орайда ол «Ресей де, басқа мемлекеттер де Грузияның аумақтық біртұтастығын мойындайтынын» атап өтті.

«Бұл аса маңызды жайт. Сол себепті дәл осы негізде бұл проблеманы талқылау қажет», — деді Қ. Тоқаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті