«Бүгін біз Қазақстан алдындағы Грузия қарызын өтеу тетіктеріне қатысты уағдаластыққа қол жеткіздік. Бұл мәселе ұзақ уақыттан бері жабылмай келе жатыр. Біз Қазақстан тарапына қарызды жабуға қатысты өз тетіктерімізді ұсынып, ол мақұлданды. Әрине, қазіргі уақытта бұл мәселеге бойынша мемлекетішілік процедура жүргізуіміз қажет», — деді ол.
Айта кетерлігі, Грузия Үкіметінің Қазақстан Үкіметі алдында 27 774 000 млн. доллар қарызы бар. Екі елдің арасындағы келісімге сәйкес бұл қарыз 1996 жылдан бастап 10 жылдың ішінде өтелуі тиіс болатын. Алайда, 2004 жылдың шілдесінен Грузия тарапы қарыз сыйақысын төлеуді доғарып отыр. Ал негізгі қарыз мүлдем өтелген емес.