«Грузияның Мәдениет палатасы Ресей халық әртістерінің Қырым мәселесінде президент Владимир Путинді қолдайтыны туралы хатына байланысты Сергей Безруков театрының мамыр айында Тбилисиге жоспарлаған гастрольдерін тоқтату туралы шешім қабылдады», — делінген палата хабарламасында.
«Біз Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қолдайтынымызды білдіргіміз келеді», — делінген құжатта.