Жарияланды: 410

Грузияда 300-ге жуық тұтқын мерзімінен бұрын босатылады

Жақын күндері Грузиядағы түрмелерден 300-ге жуық тұтқын босап шығады.

Министр Созар Субаридің айтуынша, тек ауыр қылмыс жасамаған және кесілген жазаның үштен екісін өтеген тұтқындар ғана мерзімінен бұрын еркіндікке шығарылмақ. Кеше кешқұрым босап шыққандардың арасында «Джорджиан таймс» басылымының бұрынғы редакторы Малхаз Гулашвили де бар. Ол былтыр «Кавкасия» телеарнасының тікелей эфирі арқылы бұзақылық әрекет жасады деген айыппен бас бостандығынан айырылған болатын. Мұны саясатпен байланыстыратын М.Гулашвилидің өзі жуырда өз басылымын жарыққа шығаруға бел буып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін