Грузияда бір тәулікте үш мәрте жер сілкінді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грузияда бір тәулікте үш мәрте жер сілкінді

Грузияда бір тәулікте үш мәрте жер сілкінді

Грузияның батысында магнитудасы 3.5 балл жер сілкінісі болды.

  • 5 Қараша 2020
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Жерасты дүмпуі 4 қараша күні, Тбилиси уақытымен сағат 23:57-де тіркелген. Зілзала аудан орталығы Ониден (Рача-Лечхуми және Квемо Сванети аймағы) оңтүстікке қарай 9 шақырым жерде болған.

Тереңдігі – 12 шақырым. Қираған ғимараттар туралы ақпарат келіп түскен жоқ.


Соңғы тәулікте Грузияның батысында үш жер сілкінісі болды. Сағат 18:04-те және 18:05-те аудан орталығы Онидің маңында және Сахчере қаласына (Имеретия аймағы) жақын жерде магнитудасы 3.5 және 3.6 жерасты дүмпуі тіркелген.