Грузиядағы көшкін өткен жерден қазақстандықтар эвакуацияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грузиядағы көшкін өткен жерден қазақстандықтар эвакуацияланды

Грузиядағы көшкін өткен жерден қазақстандықтар эвакуацияланды

Өткен тәулікте Грузияның Дарьял шатқалында көшкін жүріп, апатты жерден 200-ге жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Грузияның ІІМ-нің мәліметтеріне сүйенген «Грузия жаңалықтары» агенттігі.

  • 19 Мамыр 2014
  • 275
Фото - Caravan.kz


Оқиға орнынан қауіпсіз жерге көшірілгендердің ішінде Қазақстан, Украина және Беларусь елдерінің алысқа қатынайтын көлік жүргізушілері болған. Олардың бәріне гуманитарлық көмек көрсетілді, жеке гигиеналық заттар мен азық-түлік таратылды.

«Қазіргі уақытта шетелдік жүргізушілер «Жоғарғы Ларс» шекаралық-өткізу пунктінің бағытында тікұшақпен эвакуацияланды. Сол жерден олар өздерінің жүк көліктерімен шекарадан өтіп, Ресей аумағына қарай өз жолдарын жалғастырады», — делінген хабарламада.

Грузияның ІІМ ТЖ департаментінің қызметкерлері оқиға орнында 24 сағаттық режімде іздеу-құтқару шараларын жүргізуде.

«Интерпрессньюс» агенттігінің хабарлауынша, табиғи апат салдарынан кемінде бес адам жоғалған деп саналады.