Гүл дүкеніндегі жағдай: полиция департаменті қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гүл дүкеніндегі жағдай: полиция департаменті қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды

Гүл дүкеніндегі жағдай: полиция департаменті қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды

Айыпталушы Беков Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі «Тонау» бойынша тергелуде. 
 

  • 13 Тамыз 2023
  • 15
Фото - Caravan.kz

ІІМ Шымкенттегі гүл дүкеніндегі жағдайдан кейін полиция департаменті қызметкерлеріне қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Өзіндік қауіпсіздік департаменті бұрынғы учаскелік инспектор Мұхтар Бековтің Romantic гүл салоны мен Eldorado ресто-барының жұмысшыларына қатысты жасаған заңсыз әрекеттеріне байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында таралған мәліметтерді тексерді.

Бековке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Шымкент полиция департаменті қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің заңдылығын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 371-бабының 1-бөлігі "Салғырттық" бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі тексереді. Ведомство екі қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан тергеудің объективтілігі мен жан-жақтылығын қамтамасыз етеді», деді Ішкі істер министрлігі.