Жарияланды: 560

Гүлнара Каримованың Мәскеудегі пәтеріне қара құлып салынды

Гүлнара Каримованың Мәскеудегі пәтеріне қара құлып салынды

Ресейлік заң органдары Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнараның Мәскеудің орталығындағы пәтерін құлыптады.

Интерфакс агенттігінің ресейлік заң органдарындағы ақпарат көзіне сүйеніп хабарлауынша, бұндай шешім Ресейдің "МТС" байланыс компаниясының еншілес бөлімшесін Өзбекстанның телекоммуникация саласынан ығыстырып шығаруына қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында қабылданған. Алайда әзірге ресми орындардан бұл деректі растайтын ақпарат түскен жоқ. Тамыз айының соңында ресейлік "МТС" байланыс компаниясының Өзбекстандағы еншілес бөлімшесінің мүлкі хатталып, бөлімшеде жұмыс істеген бірнеше менеджер түрмеге отырғызылды. "МТС" компаниясы бұны Өзбекстандағы өз бизнесін тартып алмақ болған ықпалды күштердің іс-әрекеті деп мәлімдеген еді, деп жазады " Азаттық".

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін