Ғалымдардың пайымдауынша, қабірде 2 мың жыл бұрын өмір сүрген осы тайпаның билеушісі немесе діни адам жерленген.
Қабірдің ішінен сүйектер табылмады, ғалымдардың пікірінше сүйек толығымен шіріп кеткен. Дегенмен қабірдің ішінен нефриттен жасалған әшекей бұйымдар мен адамның бейнесі бар мүсіндік алқа шықты. Бұл — Гватемала жерінен соңғы кездері табылған ең құнды археологиялық олжа, деп хабарлады ресейлік жаңалықтар қызметі.