Гвинеяда Эбола безгегіне қарсы дәрілер сақталған қойма өртеніп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гвинеяда Эбола безгегіне қарсы дәрілер сақталған қойма өртеніп кетті

Гвинеяда Эбола безгегіне қарсы дәрілер сақталған қойма өртеніп кетті

Гвинеяның Конакри әуежайындағы Эбола безгегіне қарсы дәрілер тұрған қоймадан өрт шығып, дәрі-дәрмектердің барлығы өртеніп кетті, деп жазады шетелдік БАҚ. 

  • 19 Желтоқсан 2014
  • 258
Фото - Caravan.kz

Бұл қоймада басқа да ауруларға қарсы дәрілер де болған. Эболаға қарсы  күрес басқармасының басшысы доктор Муса Конатенің айтуынша, дәрілер толықтай жанып кеткен, өрт сөндірушілер жақын орналасқан қойманы ғана өрттен арашалап үлгерген. Онда безгекпен күресуге қажетті керек-жарақтар мен киімдер сақталған.

Айта кетейік, Эбола безгегінен  соңғы мәлімет бойынша 7 мыңға жуық адам көз жұмған.