«Біз Global Finance беделді таңдауларына осымен 3-ші рет ие болып отырмыз, осының алдында 2011 және 2012 жылдары «Қазақстанның ең үздік инвестициялық банкі» атақтарына ие болғанбыз. Ал қазір «Halyk Finance» АҚ әлемнің 2014 жылғы ең үздік банктерінің тізіміне кірді, бұл жайында "Global Finance" журналының сәуірдегі санында жарияланады», — делінген хабарламада.
"Global Finance" журналын шығарушылар жеңімпаздарды анықтау үшін банктік инвестициялық сектордағы сарапшылармен бірлесіп нарықтық үлестің мөлшерін, мәмілелердің саны мен сомалық көлемін, клиенттерге кәсіби қызмет көрсету және кеңес беру деңгейін, мәмілелерді құрылымдау мүмкіндіктерін, сатылым арналарының тиімділігін, ағымдағы нарықтық талаптардың шеңберінде қойылған міндеттерді шешуге күш-жігерлерін, бағалы қағаздарды орналастырғанда бағаның пайда болуын және мәміле аяқталғаннан кейін бағаның сақталып тұруын, сондай-ақ компанияның нарықтағы беделін қоса алғанда, көптеген өлшемдер жиынтығын ескерді.
Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылы, осының алдында «Halyk Finance» АҚ 2013 жылғы сәуірдегі 10 және 30 жыл айналым мерзіміне $3 млрд. жалпы сомасына «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы АҚ еурооблигацияларының 2 шығарылымын шығару және орналастыру мәмілесінде біздің біріккен жетекші менеджер және қазақстандық Букраннер ретінде жасаған жемісті жұмысымыз үшін сондай-ақ «EMEA аумағында корпоративтік облигациялардың ең үздік шығарылымы» санатындағы «EMEA Finance Achievement Awards 2013» сыйлығын алған болатын.