Бишімбаев – таза кісі өлтірген адам ғой. Оның оқиғасы да, дымы да маған қызық емес. Ал халыққа өсек қызық - Ринат Зайытов - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бишімбаев – таза кісі өлтірген адам ғой. Оның оқиғасы да, дымы да маған қызық емес. Ал халыққа өсек қызық - Ринат Зайытов

Бишімбаев – таза кісі өлтірген адам ғой. Оның оқиғасы да, дымы да маған қызық емес. Ал халыққа өсек қызық - Ринат Зайытов

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов халықтың өсекке, арзан-күлкіге, ойын-сауыққа құмарлығына шүйлікті.

  • 29 Сәуiр
  • 40
Фото: caravan.kz

Белгілі ақын, депутат Ринат Зайытов қоғамдағы өзекті мәселелерді «Білген дұрыс» бағдарламасында көтерді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Айтуынша, халық өсекқұмар болып бара жатыр.

«Біз халық қамын ойлап, заң шығарып әлекпіз, сол заңның орындалуын қадағалап әлекпіз, сағаттап жиналыс өткізіп, проблемаларды талқылап әлекпіз. Ал халыққа ол емес, өсек қызық болып отыр. Отырып алып Қалаулымды көреді, Астарлы ақиқатты көреді. Ол халықтан кім шығады? 

Мысалы, су тасқыны қаншама адамның өмірін қиды. Әкесі мен ұлы жоғалып кеткен кезде, соларды тауып беріңіздерші, көмектесіңіздерші деп шырылдап қарындасымыз келді. Ал дүниесі су астында қалған көршісі үйіндегі диваны үшін алаңдап, менің диванымды құтқарыңдар деп көмек сұрап тұр. Сонда құрып кеткір диван адам өмірінен артық болғаны ма? 

Еліміз су тасқынымен арпалысып жатқан қиын сәтте, халық жатып алып Бишімбаевтың сотын көріп жүр. 

Кәрім Мәсімов, Қайрат Сатыбалдылар ашық сотталатын болса, мен де жатып алып қарайтын едім. Бишімбаев – таза кісі өлтірген адам ғой. Оның оқиғасы да, дымы да маған қызық емес. Неге оны көрсете береді?

Қоғамда мұндай проблема барын алға тартқан жүргізушінің сөзіне төмендегідей жауап берді.

«Сұраныс бар, проблема емес. Атам қазақ сол кезде айтқан, итке төсек не керек, естіге өсек не керек, деп. Біз қазір өсекпен өмір сүргіміз келеді. Қазақстанның алдағы қуаңшылыққа дайындығы халыққа керек емес. Есесіне Райм мен Ерке бәріне қызық.

Су тасқыны. Міне нағыз проблема. Дәл қазір үлкен эпидемияның қаупі бар. Әсіресе Құлсарыда. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізіп жүрген ешкім жоқ. Апат болған аймақтарға бардым. Қауіп жоғары. Біріншіден, мәйіттер су бетінде қалқып жүр. Зираттар шайылып жатыр. Малдар өлексесі. Су астында қалған үйлерді тас кене қаптап жатыр. Бишімбаевтың сотын қарағанша, осы проблемалардың алдын алу керек»,- деді Ринат Зайытов.

Соңғы жаңалықтар