Бұған көліктердің қауіпсіздік жастықшаларының өздігінен ашылып кету қаупі түрткі болып отыр, ддеп жазады The Wall Street Journal басылымы.
АҚШ Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық әкімшілігінің хабарлауынша, сөз болып отырған үлгідегі машиналардың қауіпсіздік жастықшалары электронды құрылғылардағы ақауға байланысты өздігінен ашылып кетіп, жолаушылар мен жүргізушілерге қауіп төндіруі мүмкін.
Негізінен 2000 жылдардың басында жасалған 2,12 млн автокөлік кері қайтарылып алынбақ. Өндірушілер бұған дейін 2012, 2013, 2014 жылдары шыққан көліктердің аталған ақауларын жөндеп берген болатын. Содан бері АҚШ-та жөндеуден өткен 39 көліктің жастықшалары өздігінен іске қосылып кеткен.
Атап айтсақ, 2003-2004 жылдары жасап шығарылған Pontiac Vibe, Dodge Viper, Toyota Corolla, Matrix және 2002-2004 жылдары шыққан Avalon, Grand Cherokee, Honda Odissey және Acura MDX көліктері кері қайтарылады.