Халықаралық Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы Франция билігін БТА Банк директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовты Қазақстанға бермеуге шақырды.
Ұйым сарапшыларының пікірінше, өз отанында экс-банкирдің құқықтары бұзылуы мүмкін.
Сонымен қатар, құқық қорғаушылар М.Әблязовты Қазақстанға экстрадициялап жіберетін мемлекеттерге де бермеуді сұрап отыр.
Бұған дейін хабарланғандай, шетелде бой тасалап жүрген банкир Францияның оңтүстігіндегі Канны қаласы маңында қолға түскен болатын.
Франция СІМ мәліметіне қарағанда, М.Әблязов Киев соты берген халықаралық ордер негізінде құрықталған. Соттың тиісті шешімі қабылданған жағдайда М.Әблязов Украинаға немесе Ресейге берілуі мүмкін. Қазақстан да оны елге қайтаруға барынша күш салатынын мәлімдеді.