ИГИЛ G20 саммиті кезінде Антальяда теракт жасамақ болған
![]() |
Қазан айында Анкарада екі бірдей теракт жасаған «Ислам мемлекеті» тобының экстремистері G20 саммиті кезінде Антальяда да жарылыс ұйымдастырмақ болған бұл туралы бейсенбі күні түріктің «Хюрриет» басылымы хабарлады. |
Басылым мәліметінше, полицейлер бұл ақпаратты террористердің компьютерлерінен алған. Компьютерлер Анкарадағы теракт үшін жауапкершілікті өз мойнына алған террористердің тұрғылықты жерінен табылған көрінеді.
Лаңкестер Антальяда әлем елдерінің жетекшілері тоқтайтын отельдерді мұқият зерттеп шыққан.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін