Жарияланды: 400

Игорь Тен: «Қорғаста» жемқорлыққа қайтып оралу болмайды

«Қорғаста» жемқорлыққа қайтып оралу болмайды, деп ҚР қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің төраға орынбасары Игорь Тен мәлім етті.

«Бұрынғыға қайтып оралу болмайды», - деді И. Тен дүйсенбі күні журналистердің осыған қатысты қойған сауалына жауап беріп. «Біз орталық аппаратта ондай құбылыстармен әр түрлі тәсілдермен күресіп жатырмыз, оның ішінде әдістемелік тәсілмен де күресудеміз», - деді ол. Сондай әдістердің біреуі, И. Теннің пікірінше, электрондық декаларация енгізу. «Бұл тек қана интернет арқылы декларациядан өткізу, интернет арқылы төлеу және кеден инспекторы да тек интернет арқылы жұмыс істейтін болады. Бұл айтарлықтай алға жылжушылық, біз бұл жұмысты бастадық та», - деді ведомство төрағасының орынбасары. «Екінші тұсы – алдын ала декларациялау, онда тауарларды ұсынбай тұрып адам оны декларациялай алады, және біз оған жағдай жасаймыз», - деді ол. Оның айтуынша, «кез келген түр өзгерту, оның үстіне «Қорғастағыдай» жәй өтпейді». «Тауар тасымалдап жүргендер стресс сезінеді, себебі жаңа тәртіп, кеден де стресс сезінеді, бірақ мұның барлығын тиісінше түзеу керек», - деп атап көрсетті ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін