ІІМ атыс қаруларын электрондық есепке алуды енгізуді жоспарлауда - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ІІМ атыс   қаруларын  электрондық есепке алуды енгізуді жоспарлауда

ІІМ атыс қаруларын электрондық есепке алуды енгізуді жоспарлауда

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 11-қыркүйек. АСТАНА. Ішкі істер министрлігі атысқа арналған және ойындылы қаруларды электрондық есепке алуды енгізуді, ұлттық оқ-дәрі және гильза жөніндегі мәліметтер қорын енгізуді жоспарлауда. Бұл туралы кеше өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің жедел-криминалистикалық департаментінің бастығы Серік Исабаев мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

  • 11 Қыркүйек 2007
  • 502
Фото - Caravan.kz

«Біз келешекте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде ұлттық оқ-дәрі мен гильзалар жөніндегі мәліметтер қорын енгізуді жоспарлап отырмыз. Яғни келешекте мемлекеттік мекемелер мен жеке меншік күзет жүйелерінің иелігіндегі барлық ойындылы және атыс қарулары электрондық есепке алынады»,- деді С. Исабаев.

Сондай-ақ оның хабарлауынша, қазіргі уақытта «Кондор» атты жаңа балластикалық идентификациялық кешен сатып алынған, оның құрамында ойындылы қару-жарақ қолданумен жасалған 1650 қылмыс дерегі бойынша 5 мыңнан астам нысандар бар».

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің жедел-криминалистикалық департаментінің бастығы, үстіміздегі жылдың 8 айында «қару-жарақ қолданып жасалған жалпы қылмыстар санының 50 пайызы» осы кешеннің көмегімен ашылғандығын атап өтті. Ол, бұл жүйенінің базасында республиканың ұлттық оқ-дәрі және гильзалар жөніндегі мәліметтер қорын құру жоспарланып жатқандығын да айтып өтті.

Оның мүмкіндігі оқ пен гильзада қалған іздер бойынша қару түрін анықтауға және қылмысты тиімді ашуға мүмкіндік береді»,- деп атап көрсетті ол. С. Исаев сонымен бірге ІІМ-де «ауыр қылмыстарды ашу және тергеу мақсатында» криминалистикалық оқ-дәрі және гильзалар жөніндегі мәліметтер қоры жұмыс істеп жатқандығын еске сала кетті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті