«Қазір біз Нұрбанк туралы түсініктеме бере алмаймыз, бұл дерек бойынша тексерулер жүргізіліп жатыр, нақты ақпараттар болғанда оны жария етеміз»,- деді бүгін брифингте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрілігінің баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов. «БАҚ-да, Интернетте бұл мәселеге қатысты қым-қиғаш ақпараттар өте көп, біз бұның бәрін тексеріп, жария етеміз»,- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 31-қаңтар, сәрсенбіде Достық көшесі, 38-үйде орналасқан Нұрбанктің кеңсесіне қарулы адамдар тобы шабуыл жасады. Шабуылшыларды банктің күзетшілері залалсыздандырып, құқық қорғау органдарына табыстады. Артынан белгілі болғанындай, банкке шабуыл жасағандар — Алматы қалалық ІІД-нің жедел әрекет етуші арнаулы тобының штаттағы қызметкерлері болып шықты.
Ақпарат көзінің хабарлауынша, қазіргі жағдаймен Алматы қалалық ІІД-нің жедел әрекет етуші арнаулы тобының оншақты қызметкері отставкаға кету туралы рапорт берген, Алматы қалалық ІІД-нің бірқатар жоғарғы лауазымды тұлғалары қамауға алынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті