ІІМ, ТЖМ мен ДСМ төтенше жағдайлар жөнінде құлақтандыру үшін бірыңғай радиожелі құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ІІМ, ТЖМ мен ДСМ төтенше жағдайлар жөнінде құлақтандыру үшін бірыңғай радиожелі құрады

ІІМ, ТЖМ мен ДСМ төтенше жағдайлар жөнінде құлақтандыру үшін бірыңғай радиожелі құрады

Астана. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ішкі істер министрлігі (ІІМ), Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) мен Денсаулық сақтау министрліктері (ДСМ) төтенше жағдайлар жөнінде құлақтандыратын бірыңғай радиожелі құрады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 25 Шiлде 2008
  • 395
Фото - Caravan.kz

Тас жолдардағы апаттардың жиілеуіне байланысты және адамдардың опат болу қаупін азайту мақсатында премьер-министр Кәрім Мәсімов Ішкі істер министрлігіне ТЖМ және ДСМ бірлесе отырып төтенше жағдайлар жөніндегі ақпаратты дер кезінде хабарлау үшін бірыңғай радиожеліні құруды тапсырды.

Сонымен қатар, ол Көлік және коммуникация министрлігіне ІІМ бірлесе отырып 1 айдың ішінде жолаушылар тасымалымен айналысып жүрген автобустардың жағдайына тексеру жүргізуге тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті