Илон Маск күннен қуат алатын телефон ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.32
  • 582.92
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Илон Маск күннен қуат алатын телефон ұсынды

Илон Маск күннен қуат алатын телефон ұсынды

Tesla компаниясы күннен қуат алатын алғашқы смартфонды таныстырды.

  • 28 Қаңтар 2022
  • 406
Фото - Caravan.kz

Мамандар жаңа телефонда үздік болуға барлық мүмкіндік бар екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Телефонды саяхат кезінде алып жүруге болады. Себебі қуат көзі болмаған жағдайда байланыссыз қалмайсыз дейді компания өкілдері. Әзірге ешқандай смартфонда мұндай мүмкіндік жоқ.

Смартфон күн көзінде 30 минут болса, 20% қуат жинай алады. Қуат панелі құрылғының артқы жағына орналасқан.

Сонымен қатар Tesla Phone тікелей Starlink спутниктік желісіне қосылып, Жердің кез келген нүктесінде ғаламторды пайдалануға мүмкіндік береді. Смартфон иелеріне желі тегін қосылады және шексіз пайдалануға болады.

Айта кетейік, бұған дейін Илон Маск 2022 жылдан бастап
чиптерді адамдарға сынайтынын мәлімдеген
. Ол маймылдарға жүргізілген сынақтың сәтті өткенін айтқан.