«ИМ» Еуроодаққа тағы шабуыл жасауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 472.62
  • 513.22
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ИМ» Еуроодаққа тағы шабуыл жасауы мүмкін

«ИМ» Еуроодаққа тағы шабуыл жасауы мүмкін

«Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы Еуроодақ аумағына тағы шабуыл жасауы мүмкін.

  • 19 Қараша 2015
  • 420
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Еуропол директоры Роб Уэйнрайт бейсенбі күні Еуропарламентте сөйлеген сөзінде мәлім етті.

«Шабуылдардың жалғасы болуы мүмкін», — деді Роб Уэйнрайт.

Еуропол басшысының сөзіне қарағанда, соңғы 10 жылда Еуропа үшін ең үлкен қауіп төндірген ИМ операциялары болған.

Парижде орын алған лаңкестік оқиғаларға байланысты ЕО Кеңесінің  люксембургтік төрағалығының атынан вице-премьер және Люксембургтың ішкі қауіпсіздік министрі Этьен Шнайдер 20 қарашада Брюссельде Ішкі істер бойынша кеңестің  кезектен тыс отырысын өткізуге ниет танытты.  Жиында Еуроодақтағы қауіпсіздік шараларын күшейту және қабылданған шараларды өткізуді қамтамасыз ету талқыланады.  

Еске сала кетейік, 13 қарашада Парижде алты теракт жасалды. Салдарынан кем дегенде 129 адам қаза тауып, тағы 350-ден астамы жарақаттанды. Бұл қылмысты «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы өз мойнына алды.  


Францияда төтенше жағдай жарияланды.