Имашев кенішін игеру мәселелері бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы келіссөздер 2005-жылдың сәуір-мамыр айларына белгіленген - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Имашев кенішін игеру мәселелері бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы келіссөздер 2005-жылдың сәуір-мамыр айларына белгіленген

Имашев кенішін игеру мәселелері бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы келіссөздер 2005-жылдың сәуір-мамыр айларына белгіленген

Имашев газ конденсаты кенішін бірлесіп игеру мәселелері бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы келіссөздер 2005-жылдың сәуір-мамыр айларына белгіленген. Бұл туралы бүгін, 24-наурызда Алматыда өткен брифинг барысында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің бірінші орынбасары Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Наурыз 2005
  • 450
Фото - Caravan.kz

Бақтықожа Ізмұхамбетовтың айтуынша, қазір екі жақ алдын-ала қамдану үстінде.

Ресеймен арадағы келіссөздерді аталмыш кеніш бойынша жер қойнауын игеру жөніндегі лицензияны иемденетін «Атыраумұнайгаз» АҚ жүргізеді деп күтілуде. «Ал Ресей жағынан келіссөздерге кім қатысатыны әзірге белгісіз»,- деді ол.
Бұдан бұраны да хабарлағанымыздай, 2005жылдың 18-қаңтарында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы келісімге қол қойған.
Келіссөздер барысында Имашев газ конденсаты кенішін партитетті негізде бірлесіп игеру туралы байлам жасалған. Осыған байланысты Ресей және Қазақстан үкіметтеріне кеніштегі бірлескен жұмыстар принципін айқындайтын келісім-шартының жобасын әзірлеу туралы тапсырма жүктелді.
Имашев газ конденсаты кеніші Астрахань және Атырау облыстарының түйіліскен нүктесінде орналасқан. Кеніш қоры 128,7 млрд. текше метр газ бен 20,7 млн. тонна газ конденсатын құрайды.
2003-жылы «Газпром» ААҚ мен «ҚазМұнайГаз ҰК»АҚ кенішті бірлесіп игеру туралы уағдаласқан. Сонымен бірге Имашев газ конденсаты кенішін игеруге «ЛУКОЙЛ» ААҚ да қызығушылық білдірді.

Перейти к новостям спорта