Инчхон - елдің бас қақпасы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Инчхон - елдің бас қақпасы

Инчхон - елдің бас қақпасы

Инчхон (Incheon) - Оңтүстік Кореяда Сеул мен Пусаннан кейінгі ірі қала саналады. Елді мекен алғаш рет біздің дәуірімізге дейінгі кезеңде пайда болып, балықшылар ауылынан бүгінгі заманауи туристік орта дәрежесіне дейін көтерілген. Шығыс үлгісінде тұрғызылған нысандарды көріп, сауда жасап, теңізде демалып, жан-жақты қамтылған мәдени бағдарламамен танысу үшін бұл қалаға жыл сайын сан мыңдаған туристер келеді.

  • 10 Қыркүйек 2018
  • 84
Фото - Caravan.kz

Жалпы ақпарат

Мың шаршы шақырым жерді алып жатқан қала екі уезге (кун) және сегіз ауданға (ку) бөлінген. Халқының саны бойынша Инчхон елде үшінші орынды иеленіп отыр. Мұнда үш млн-нан астам адам тұрады. Олар негізінен кеме және көлік құрылысымен айналысатын кәсіпорындарында жұмыс істейді.

Жергілікті тұрғындар, сондай-ақ, мұнай өңдеу, тоқыма, электротехника, ұн тарту, болат құю зауыттарында еңбек етеді. Қалада ірі жылу-қуат орталығы бар, фарфор-фаянс шығару өнеркәсібі де жолға қойылған.

Инчхон қаласы қай жерде орналасқан деген сұраққа жауап беру үшін, алдымен елдің картасына үңілу қажет. Қала Корей түбегінің батысында, ел астанасы Сеулден 24 шақырым қашықтықта бой көтерген. Қала елдің басты әуе, теңіз қақпасы, сонымен қатар елдің басты көлік торабы саналады.

Оңтүстік Кореяның ең үлкен халықарылық әуежайы мен ірі порты Инчхонда орналасқан. Қала New Songdo City жоғары технологиялық жоба негізінде құрылған әлемдік дейңгейдегі бизнес-орталық саналады. Шетелдік инвестицияны тарту үшін шаһарға еркін экономикалық аймақ дәрежесі берілген.

Елді мекеннің іргетасы неолит дәуірінде қаланып, үшінші ғасырдың соңына таман шағын мекенге айналған. Төртінші ғасырдан Инчхонда сауда-саттық дами бастайды. Ортағасырларда бұл шаһар елдің сауда орталығы дәрежесіне көтеріледі. Күні бүгінге дейін Инчхонның кейбір көшелерінде көне сәулет өнері сақталған.

Ауа райы

Негізінен мұнда ауа райы салқындау және қоңыржай болып келеді. Жалпы бір жылда шамамен 1183 мм жауын-шашын түседі. Жаңбыр әсіресе шілде айында көп жауса, қаңтар айында құрғақ ауа райы сақталады. Тамызда күн қатты ысығанда сынап бағанасы +26°C градусқа дейін көтеріледі. Ал қаңтарда, керісінше -3°C градусқа дейін төмендейді.


Инчхоннан не көруге болады?

Осынау ғажайып қалада көне сәулет өнері негізінде бой көтерген нысандар заманауи зәулім ғитмараттармен жарасым тапқан. Мысал келтіретін болсақ, бұл шаһарда елдегі ең биік ғимарат — Northeast Asia Trade Tower бой көтерген. Оның биіктігі 305 метр.

Егер табиғат аясында серуендегенді ұнатсаңыз, онда Инчхонның саябақтарына жол тартыңыз. Осынау қала туралы көптеген мәлімет ұсынған womanadvice.ru порталының дерегі бойынша, ең танымал саябақтар мыналар:

Freedom Park – Қытай ауданында, дөңес жерде орналасқан. Мұнда жасыл желектен көрі ғимараттар көп. Бұл суретке түскенді ұнататындар үшін таптырмайтын орын.

Songdo Central Park – аумағында иісі аңқыған, қараған адамның көзін тартар гүлдер көп. Мұнда жасанды өзен бар, онда қайықтар жүзіп жүреді. Шағын хайуанаттар бағы, түрлі ескерткіштер туристердің көңілінен шығып отыр.

Incheon Grand Park – үлкен аумақты алып жатқан, теңіздің кішкене шығанағына апаратын жолы бар табиғи кешен. Онда бір сәт тізе бүгуге арналған орындар, су бұрқақтар, дәмханалар бар. Кешен отбасымен бірге демалуға өте ыңғайлы.

Храм Jeondeungsa – жайлы әрі тыныш мекенжай. Туристердің мұнда бірнеше күн қонуына, монахтармен бірге тұруына болады.

Инчхон көпірі – аралды құрлықпен байланыстырады, жалпы ұзындығы 20 шақырымға созылады. Түнгі уақытта көпірге миллиондаған шам көрік беріп тұрады.

 

Соңғы жаңалықтар