Жарияланды: 390

Индонезия, Әзербайжан, Бруней-Даруссалам, Ирак және Иран сыртқы істер министрлері Астанадағы ИКҰ СІМК форумына қатысады

Индонезия, Әзербайжан, Бруней-Даруссалам, Ирак және Иран сыртқы істер министрлері 28 маусымда Астанада өтетін ИКҰ СІМК форумына қатысуға ниет білдірді, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің (СІМ) баспасөз қызметі.

«…Индонезияның сыртқы істер министрі Марти Наталегава, Әзербайжанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Эльмар Мамедьяров, Бруней-Даруссаламның ханзадасы Мохамед Болкиах, Ирактың сыртқы істер министрі Хошиар Махмуд Зебари, Иранның сыртқы істер министріӘли Акбар СалехиАстанадағы форумға өздері қатысатындарын қуаттады», -делінген Қосылмау қозғалысының (ҚҚ) 50 жылдығы құрметіне СІМ басшыларының 16-шы конференциясының қорытындысы бойынша таратылған ақпаратта. Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбайдың мәліметінше, «2011 жылдың 28-30 маусымында Астанала Ислам конференциясы ұйымына (ИКҰ) мүше- мемлекеттердң сыртқы істер министрлерінің 38-ші кеңесі өтеді». «Қазақстан өзі төрағалық ететін кезеңде ИКҰ мен ҚҚ ынтымақтастығын дамытуға ықпал ететін болады», - деп мәлім еткен Қ. Сарыбайдың сөздерін баспасөз қызметі келтіріп отыр. Қ.Сарыбай конференцияға қатысушыларға ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жалпыға ортақ ядролық қарусыз әлем декларациясын қабылдау туралы бастамасы туралы хабарлады. Онда «барлық мемлекеттердің қадам-қадаммен ядролық қарусыз әлемге жақындау батылдығы тіркеледі». Бұрын хабарланғандай, Индонезияның Бали қаласында сыртқы істер министрінің орынбасары Қ. Сарыбай бастаған қазақстандық делегация Қосылмау қозғалысының (ҚҚ) 50 жылдығы құрметіне СІМ басшыларының 16-шы конференциясына қатысты. Кездесуге ҚҚ-ға мүше 95 мемлекеттің, 14 бақылаушы елдің, 30 халықаралық және үкіметтік емес ұйымның өкілдері қатысты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть