Индонезияда караоке-бардан өрт шығып, 12 адам қаза тапты
![]() |
Индонезияда Сулавеси аралындағы караоке-бардан өрт шығып, 12 адам қаза тапты. 32 адам ауруханаға жатқызылды. |
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, өрт үш қабатты ғимараттың екінші қабатынан шыққан. Ол кезде бардың іші адамға толы болған. Өртті бірнеше сағаттан кейін ғана барып сөндірілді.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін