Индонезияда вулкан атқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Индонезияда вулкан атқылады

Индонезияда вулкан атқылады

Индонезияның Ява аралында оянған Раунг вулканы елдегі әуе қатынасына айтарлықтай кедергі келтіруде. Қазір онда бес бірдей әуежай уақытша қызметін тоқтатқан. 

  • 11 Шiлде 2015
  • 398
Фото - Caravan.kz

Әзірге мұнда ішкі және сыртқы рейстерін қоса алғанда 250 әуе бағытының тоқтап тұр. Салдарынан Бали аралында демалып жатқан мыңдаған турист елдеріне қайта алмай жатыр. Бір аптадан бері жалғасып жатқан вулканның қашан тоқтайтыны да белгісіз. Ал, мамандар әлі бірнеше аптаға созылуы мүмкін екенін болжауда.