Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болып Біржан Қанешев тағайындалды, деп бүгін комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, бұл тағайындауға дейін Б.Қанешев Маңғыстау облысының инновациялық даму жөнінжегі әкім орынбасары болып қызмет атқарды.
Бұрынғы жылдары Б.Қанешев Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің өнеркәсіп және қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, «Бөбек» қоры өкілдігінің атқарушы директоры, Астананың стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі мемлекеттік агенттік департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
2008 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі болды.
Одан бұрын Рыскелді Сәтбаев атындағы Индустрия министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетін басқарды.