Индустрияландыру бағдарламасында іске аспай қалған 5 ірі жоба бойынша қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Индустрияландыру бағдарламасында іске аспай қалған 5 ірі жоба бойынша қылмыстық іс қозғалды

Индустрияландыру бағдарламасында іске аспай қалған 5 ірі жоба бойынша қылмыстық іс қозғалды

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Астана қалалық департаменті индустриялық-инновациялық 5 маңызды жоба бойынша жемқорлыққа қатысты заңбұзушылықтарды анықтады.

  • 13 Желтоқсан 2012
  • 346
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін «дөңгелек үстел» барысында астаналық қаржы полициясы бастығының орынбасары Серік Шаламбаев айтты.

Оның айтуынша, қалалық қаржы полициясы маңызды жобаларды қаржыландырумен айналысатын мемлекетттің қатысуымен құрылған даму институттары мен қорлардың жұмысын тексереді. Бұл мемлекет қаражатын мақсатсыз пайдалану, талан-таражға салу, сыбайлас жемқорлық сияқты әрекеттердің алдын алудың бірден бір шарасы болып табылады.

Оның берген мәліметтеріне қарағанда, қала аумағында Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 420 млрд. теңгеге 31 жоба іске асырылып жатыр. 18 жоба қолданысқа берілген, 12-сінің мерзімі әлі келген жоқ, ал тағы екі жобаны тапсыру уақыты әлдеқашан өтіп кеткендіктен, қаржы полициясы оларды проблемалы жобалар деп есептеп отыр.

«Біз жүргізген жедел-тексеру шараларының негізінде 5 қылмыстық іс қозғалды. Атап айтар болсақ, жылына 5 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасының құрылысында, аймақтық технологиялық парктерде инновациялық инфрақұрылымдар салуда, «Алматы-Астана» транспорттық-логистикалық жолын тармақтауда, тозығы жеткен автомобиль дөңгелектерін өңдеу зауытын салуда және «Астана-Алматы» учаскесінде талшықты-оптикалық байланыс жүйесін салуда осындай олқылықтар кеткен», — деді С. Шаламбаев.