Жарияланды: 550

Индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыру нәтижесінде еліміз экономикасының өсу қарқыны жылына 8,8-9,2 процентті құрайды - индустрия министрлігі

Индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыру нәтижесінде еліміз экономикасының өсу қарқыны жылына 8,8-9,2 процентті құрайды,- деп мәлімдеді бүгін, 13-қазанда парламенттегі үкіметтік сағатта сөз сөйлеген ҚР индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков.

Оның айуынша, мұндай қарқын 2000-жылғымен салыстырғанда 2015-жылы Жалпы ішкі өнім мөлшерін шамамен 3,5 есе, ал еңбек өнімділігін үш есеге дейін өсіруге мүмкіндік береді. Ал Жалпы ішкі өнімнің энергиялық сыйымдылығы екі есе азайтылмақшы. Стратегияны жүзеге асыру - Жалпы ішкі өнімнің құрылымындағы тауар өндіру үлесін 50-52 процентке дейін арттырумен бірге, Жалпы ішкі өнім құрамындағы ғылыми және ғылыми-инновациялық іс-қызмет үлесін 2000-жылғы 0,9 проценттен 2015-жылы 1,7 процентке дейін арттыруға жағдай жасайды. Сондай-ақ, стратегияны жүзеге асыру нәтижесінде Жалпы ішкі өнім құрамындағы жоғары технологиялық және ғылыми сыймдылығы жоғары өнімдер көлемін 2000-жылғымен салыстырғанда 2015-жылы 10 есе өсіруге мүмкіндік береді. Өңдеу өнеркәсібінің қосалқы құн көлеміндегі металлургия және металл өңдеу саласының үлесі 40,1 проценттен 27-28 процентке дейін азаяды. Ал керісінше, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесі 38,1 проценттен 45-46 процентке дейін өседі,- деді министр. "Ал бұл саладағы жоғары технологиялық және ғылыми сыйымдылығы жоғары өнімдер үлесі 2000-жылы 0,6 процентті құраса, 2015-жылы 9-11 процентке жетеді",- деді Ә.Жақсыбеков. Сондай-ақ, материалдық өндіріс және қызмет көрсету салаларындағы жұмыс орындарының саны артып, тұрғындардың нақты ақшалай кіріс көлемі 2,1-2,4 есе артады,- деді министр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін