"Инфляция бір орында тұрған жоқ". Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Инфляция бір орында тұрған жоқ". Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын ашты

"Инфляция бір орында тұрған жоқ". Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын ашты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды.

  • 14 Шiлде 2022
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Күрделі геосаяси сын-қатерге қарамастан, еліміз бір қалыпты дамып келеді. Мұны жарты жылдық нәтижеден көріп отырмыз. Экономика 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өсті. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерілеу бар. Дегенмен, инфляция да бір орында тұрған жоқ. Қазір бұл көрсеткіш 14,5 пайызға жетіп, 2015 жылғы деңгейден асып түсті", — деді Президент.

Бұған дейін премьер-министр Әлихан Смайылов шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізетінін айтқан болатын. Бірінші жартыжылдықтағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы шығарылып, инфляция мен инвестиция мәселелері қаралады.


Соңғы жаңалықтар