Бірақ ешқайсы қылмысын толық мойындап отырған жоқ. Айтуларынша, күзетшілерді тек қорқытып, ақшаны қолды қылмақ болған. Қарсылыққа тап болып, іс насырға шапқасын қару қолдандық деп отыр. Ал олардың сыбайласы қылмысқа қажетті тапаншаларды беріп, кейін дәйектерді өз үйінде ұстаған. Қарақшылық шабуыл былтыр қыркүйекте жасалған-ды. Қаскөйлер туристік компаниядан ақша алып шыққан күзетшілерге оқ жаудырып, біреуі сол жерде жан тапсырған. Бірақ 14 млн теңгені үптеп үлгермей, із суытқан болатын.