Жарияланды: 510

Инновациялық дамудағы ІТ - технологиялар Қазақстанға жетті

Бүгін Астанадағы «Пекин Палас Soluxe Hotel Astana» қонақүйінде «Қазақстанның инновациялық экономикасының дамуындағы ІТ- технологиялар» атты форум өтті.

Бұл шараны ұйымдастырушылар - ҚР Байланыс министрлігі мен Microsoft Қазақстан компаниясы. Форумға сонымен қатар түрлі министрліктер мен ведомстволар, ұлттық компания өкілдері, инновациялық қорлар қызметкерлері қатысты. Осы тектес форум елімізде бесінші рет өтуде және инновациялық технологияларға қатысты ауқымды сипат алып келеді. Еліміздегі жаңа бағыттағы инновациялық технологияларды дамытуда осы форумның маңызы зор. ІТ технологиялар ұғымы тек Қазақстанда ғана емес, басқа шет елдерде кейінгі кезде қолданылып жүрген ауқымды бағдарлама болып табылады. Жиында сөз алған «Microsoft Қазақстанның» бас директоры Карл Дэвис-Баррет технологиялық есептеудің ІТ моделін түсіндірді. Соңғы 3-4 жылда компьютерлердегі ІТ есептеулер қазіргі нарықта үлкен орынға ие. Ендігі кезекте мемлекеттік сектордағы ІТ технологияларды пайдалану ісі қолға алынбақ. Оның инфрақұрылым, экономика, бизнес секторы мен басқа да инновациялық қызметтерде қолданылуы қауіпсіздік пен жеделділікті қамтамасыз етеді. ІТ орталар өз-өзіне қызмет көрсету, икемділік, есептеу жүргізу, қорларды орталықтандырылған басқару сияқты сипаттамалардан тұрады. Ganter талдау компаниясының бағалауына сай 2012 жылға қарай әлем бойынша мыңға тарата кәсіпорындардың 80 % ІТ есептеулердің қызметтерін пайдаланатын болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін