Жарияланды: 850

Instagram желісінде «Елбасының бір күні» көрсетілді

Instagram желісінде «Елбасының бір күні» көрсетілді

Ақорданың баспасөз қызметі Instagram әлеуметтік желісінде «Елбасының бір күні» атты видео орналастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Президентінің телерадиокешені дайындаған бір минутқа жуық видео-жинақта 2017 жылдың 3 сәуірі күнгі оқиғалар көрсетілген - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Бакуге ресми сапары, Әзербайжан мемлекетінің басшысы Ильхам Әлиевпен кездесуі және Ақтауға жұмыс сапары.

Еске салайық, 3 сәуір күні Бакуге ресми сапармен барған Нұрсұлтан Назарбаевты Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев «Загульба» резиденциясында қабылдады. Осы күні екі елдің үкіметтері арасында түрлі салалар бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық пен достық қатынасты дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін «Гейдар Әлиев» орденімен марапатталды. 

Ал күннің екінші жартысында Елбасы Ақтауда жуырда ғана салынған «Маңғыстау Арена» көпбейінді спорт кешенінде болды. Онда ол облыс спортшыларымен және жастармен жүздесті.

Сондай-ақ 3 сәуір күні Мемлекет басшысы ұлттық валютаны қолдану туралы Жарлыққа өзгеріс енгізетін Қаулыға қол қойды.

A post shared by AkordaPress (@akordapress) on


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін