Жарияланды: 500

Интернет адамдардың өмір сүру салтын өзгертуде

Интернет бәрін өзгертуде. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан "Жасыл экономика және тұрақты даму" деп аталатын халықаралық ғылыми семинарда айтылды.

"Интернетті британ студенті бастапқыда коммуникация ретінде қолдану үшін ойлап тапты. 1993 жылы ол бизнес құралы ретінде қолданыла бастады. Ол 1993 жылы арнайы компания құрып, интернетті 1994 жылы Майкрософт та өз бизнесіне қолдана бастады. Соның нәтижесінде қазір Майкрософт әлемдегі ең мықты компаниялардың біріне айналып отыр", - дейді Германиядағы Кампус Seilersee Президенті, профессор Дитрих Вальтер. Бүгінгі таңда интернет бизнестің бүкіл әлемде қарқынды дамып келе жатқанын бәрі көріп отыр. Әйгілі "Жасыл бизнес" кітабының авторының пайымдауынша, интернет бәрін өзгертуде. Тіпті өмір сүру салтымызды да. Осыған орай оның қоғамға төндіріп тұрған қаупі де өте зор болып отыр. Интернет енді қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін