Интернет алпауыт компаниялары желідегі тыңшылыққа қарсы шығып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Интернет алпауыт компаниялары желідегі тыңшылыққа қарсы шығып отыр

Интернет алпауыт компаниялары желідегі тыңшылыққа қарсы шығып отыр

Әлемдік алдыңғы қатарлы интернет-компаниялар дүниежүзілік желіні пайдаланушыларға тыңшылық жасау бойынша АҚШ-тағы және басқа да бірқатар елдердегі арнайы қызметтердің осындай тәжірибесін сынға алып отыр.

  • 10 Желтоқсан 2013
  • 259
Фото - Caravan.kz

ВВС-дің жазуынша Google, Microsoft, Facebook және Twitter компаниялары АҚШ президенті Барак Обамаға жолдаған ұжымдық хатта қиянат жасауға жол беретін америкалық заңдарға өзгерістер енгізуге шақырып отыр.

Сонымен қатар хатта көптеген елдерде соңғы кездері ұлттық қауіпсіздік және адам құқығы арасындағы мүдделер теңгерімі мемлекет жағына қарай ығысып отырғандығы айтылған.

Айта кетейік, соңғы кездері арнайы қызметтің қашқын қызметкері Эдвард Сноуден жария еткен мәліметтерінде қауіпсіздік қызметтері жұмысының бірқатар қыр-сырын жайып салған болатын.