Инвестициялардың орта мерзімдік өсім қарқыны 8 - 8,6% болмақ - ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі
Астана. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Инвестициялардың орта мерзімдік өсім қарқыны 8 - 8,6% болмақ. Бұл туралы бүгін "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасының Қазақстан парламентінің мәжілісіндегі тұсаукесері барысында еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Тепе-тең экономикалық өсімнің негізі - инвестициялық процесті ынталандыру, бұл ретте инвестиялардың тұрақты өсімінің қарқыны 8 - 8,6% құрап, Жалпы ішкі өнімнің өсімінен озып отыруға тиіс", - деді Б. Сұлтанов.
Оның айтуынша, өнеркәсіп өнімінің жылдық орташа өсімі 2009 - 2013 жылдарда 4,6%, ауылшаруашылығының жалпы өнімінің өсімі - 3,5% құрайды. Құрылыс жұмыстарының жылдық орташа өсімі 8% деңгейінде болмақ. "Транспорт қызметі орта есеппен 4,1%, байланыс қызметінің көлемі 18,4% болмақ", -деді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін