Ғалыммен қоштасу рәсімі қарашаның 14-і күні Алматыдағы Ғалымдар үйінде таңертеңгі 10-да өтеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық инженерлік академияның баспасөз қызметі хабарлады.
Хозе Қазыханов 1937 жылдың 18 қарашасында Аягөз ауданында дүниеге келген. 1960 жылы Ленинград инженерлік-құрылыс институтын бітіріп, Алматыдағы көліктік және жол белгілері зауытына жұмысқа орналасады.
1961 жылы Хозе Қазыханов жарқырап тұратын жол белгілерін ойлап тауып, халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі медалімен марапатталды.
Кейін Мәскеудегі Бауман атындағы техникалық университетте оқи жүріп, еңбегін аэроғарыштық зерттеулерге арнаған.
Кейін ол Қазақстанның жетекші ЖОО-ларында ұстаздық қызмет еткен.
Ғалымның жетекшілігімен күрделі техникалық жүйелерді модельдеудің кешенді программасы жасалды. Ол кісінің жетістігі — Дон-1500 астық жинау комбайнын модельдеуде үлкен септігін тигізді.
2003 жылға дейін Түркиядағы ЖОО-лардың бірінде, 2003-2008 жылдары Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-да білім беріп келген.
Профессор Хозе Қазыханов Халықаралық кибернетикалық техника академиясының, Халықаралық Ресей инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі.
АҚШ инеженер-механиктер қауымдастығының мүшесі, ғылым саласындағы ерен еңбегі үшін «Құрмет» орденінің иегері болған.