Иордания астанасында Абай көшесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иордания астанасында Абай көшесі ашылды

Иордания астанасында Абай көшесі ашылды

Амман қаласында Абай атындағы көшенің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

  • 31 Желтоқсан 2020
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Елшісі Айдарбек Тұматов өз сөзінде Иордания астанасының орталық көшелерінің біріне 175 жылдығы қарсаңында қазақтың көрнекті ақыны мен ойшылының есімін беру екі ел арасындағы қарым-қатынастың және бауырлас қалалар – Нұр-Сұлтан мен Амман арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейінің тағы бір дәлелі екенін атап өтті.

Өз кезегінде Амман қаласы муниципалитетінің қамқоршылар кеңесінің мүшесі Исмаил әл-Бустанджи бұл іс-шара бауырлас қазақ халқының мәдениетінің жарқын өкілі болып табылатын классиктің жоғары шеберлігіне деген құрмет екенін атап өтті.